Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнес үшін жүйелі кедергілерді жоюға ерекше назар аударады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнеске жол» жобасы аясында ағымдағы жылдың басынан бері 43 проблемалық кейс шешіліп, 5 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қызметіне, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып, заңсыз араласудың жолын кесу жұмысы Агенттіктің ерекше бақылауында.

Алматы қаласы бойынша департаментімен осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда «Алматы Су» ШЖҚ МКК департамент директоры әшкереленді.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.
Аталған іс бойынша тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
 

Фото:  pexels

Тағы да оқыңыз: