Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық бөлім басшылары мен жауапты мекеме қызметкерлері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде ұлттық және саяси экстремизм тәуекелдерінің алдын алу, діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасын жүргізудегі әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында және дене шынықтыру мен спорт саласында терроризм мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы мәселелері қаралды.

Жиын барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, жастарды радикалды идеологиялардың ықпалынан қорғау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралатын деструктивті идеологиялардың алдын алу шаралары, жастармен және мақсатты топтармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының тиімділігіне ерекше назар аударылды.

қазалы терроризм.jpg

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің, білім бөлімінің, сондай-ақ дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде хабарлады. Баяндамашылар жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, білім беру ұйымдарында профилактикалық кездесулер өткізу, спорт мекемелерінде түсіндіру шараларын ұйымдастыру бағытында жүзеге асырылған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Отырыс барысында комиссия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру, ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жетілдіру және халықпен кері байланысты күшейту мәселелері көтерілді.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі Алмасбек Есмаханов күн тәртібінде қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды және белгіленген іс-шараларды сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыруды тапсырды.

Терроризм мен экстремизмнің алдын алу – қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Осы ретте мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың өзара үйлесімді жұмысы, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру және жастарды дұрыс бағытқа тәрбиелеу ерекше маңызға ие. Қазалы ауданында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруіне негіз болмақ.

қазалы терроризм.jpg

Тағы да оқыңыз: