Kyzylorda-news.kz Қармақшы аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану, сауда және кәсіпкерлік нысандарының қызметіне мониторинг жүргізілді. Іс-шараға арнайы құрылған жұмысшы топ қатысып, аудан аумағындағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілерін аралады.

Мониторинг барысында кәсіпкерлердің қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау деңгейіне назар аударылды. Атап айтқанда, санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуы, тамақтан уланудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, баға белгілеудің ашықтығы және көрсетілетін қызмет сапасы зерделенді.

Жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлерге қолданыстағы заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті ұсынымдар берді. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сай ұйымдастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсетудің басымдығы атап өтілді.

Аталған мониторингтік іс-шаралар кәсіпкерлік нысандарындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсету ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағыттағы мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

қармақшы мониторинг.jpg

Тағы да оқыңыз: