Kyzylorda-news.kz. Мемлекет тұрмысы төмен отбасы балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакетке кіретін заттардың тізімін анықтады
Елімізде балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің тағайындалуы аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытындағы маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет – бұл ҚР Үкіметі 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасының әрбір баласына белгілеген көмек.
Көмек пакеті шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларға беріледі. Егер осындай отбасыларда бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет – Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде қол жетімді болса. Алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет тиісті оқу жылы алдында беріледі.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет ай сайын азық-түлік жиынтығы және тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы түрінде ұсынылады.
Азық-түлік түзімі Үкіметтің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, тағамдық және энергетикалық құндылығы ескеріле отырып құрылған.
Әлеуемттік пакетіне құрамында анемия, рахит, дисбактериоздың алдын алу үшін кальций және басқа микроэлементтермен байытылған дәуірмендері, пробиотиктері бар әртүрлі (сүт, көкөніс, жеміс) өнімдер енген.
Орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке:
1) мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орнында (оқу күндері) күнделікті бір рет ыстық тамақ;
3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде жеңілдікпен жол жүруі кірген.