Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық мәслихаты «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі С.Жумадьяров, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша секторының маманы Н.Бекболатов пен Партиялық бақылау комиссияның мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде орналасқан қызмет көрсету мекемелері мен теміржол вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайлармен танысты.

Мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ, пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, бағыттаушы тактильді сары жолақтар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа, бағыттаушы белгілер, арнайы әжетхана болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін касса, құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың барлығы бекітілген талаптарға сәйкес болуы түсіндірілді.

Бүгінгі жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес мекеме басшыларына ескертулер жасалып, олқылықтарды тез арада ретке келтіру жұмыстары комиссия тарапынан партиялық бақылауға алынды.

Тағы да оқыңыз: