Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясының хаттамасына сәйкес, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап өңірде карантиндік шаралардың алтыншы кезеңі іске қосылды. Осыған орай, назарларыңызға бүгіннен бастап аймақта іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізімін ұсынып отырмыз.

Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 маусымынан (алтыншы кезең) іске қосылатын салалардың және ұйымдардың ТІЗІМІ

  1. Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
  2. Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 20:00 аралығында белгілеу;
  3. Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақытын  сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
  4. Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақытын сағат  08.00 мен 19.00 аралығында белгілеу;
  5. Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат            11:00 мен 23:00 аралығында белгілеу;
  6. Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақытын сағат 10.00 мен 22.00 аралығында белгілеу;
  7. Қосымша білім беру орталықтары (барлық сыныптар үшін                    10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 1,5-2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
  8. Спа-орталықтары, ашық жағажайжар (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
  9. Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
  10. Қоғамдық демалыс парктері (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
  11.  Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосу;
  12. Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу;
  13. Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар; 
  14. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосу;
  15. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосу;
  16. Облыс бойынша орналасқан блок-бекеттерді алу.

Тағы да оқыңыз: