**Kyzylorda-news.kz. Бүгін #oqy&toqy айдарында кәмелет жасына толмаған балалардың мүлкіне иелік етуге арналған анықтаманы алу жолдары жайлы айтылады.
**

Бұл қызметті онлайн алу үшін балалардың құжаттары, некеге және мұраға қатысты құжаттардың сканерленген көшірмесі және ЭЦҚ болу қажет

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Аталмыш қызмет атауын іздеу жолағына жазыңыз;
  • Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
  • Өтініш беруші мен өтініш туралы ақпаратты толтырып шығыңыз;
  • Кәмелет жасына толмаған балалар туралы ақпаратты толтырыңыз;
  • Мұраға құқық туралы куәліктегі ақпаратты енгізіңіз;
  • «Сұранымды жіберу» батырмасын басып, келесі қадамға өтіңіз;
  • Өтінімге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз;
  • ЭЦҚ арқылы растап, қол қоюды ұмытпаңыз;
  • Дайын анықтаманы 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

Тағы да оқыңыз: