Kyzylorda-news.kz. Көктем мезгілінің соңғы айында табиғат ана өмірге дем беріп, айнала көгеріп гүлденеді. Бұл мерекені халқымыз табиғи жаңарудың, рухани тазарудың белгісіндей қарсы алатыны анық.

Бірлік бар жерде тірлік бар демекші осы күн – 1 мамыран бастап жыл аяғына дейін бірлікке, мейірбандылыққа бастайтын атаулы әрі маңызды күндер елімізде жалғасын табады.

Бұл күннің тағы бір ерекшелігі – елімізде тұратын барлық этнос өкілдері бір алаңға жиналып, ұлттық тағамдары мен дәстүрлерін насихаттап ортақ қуанышқа кеңеледі.

Дегенмен биылғы жылы, әлемді шарпыған коронавирустан мұндай қызықты шараға тоқтау қоюға мәжбүрміз.

Еліміздің денсаулығына қолдау көрсету – біздің азаматтық парызымыз деп білемін. Биылғы 1 мамыр мерекесін өз шаңырағымызда отбасы мүшелерімізбен атап өтеміз.

Алдыңғы буын аға-апаларымыз кейінгі ұрпаққа еліміздің, ұлтымыздың тарихы жайлы әңгімелер айтып, балаларымыз мереке тақырыбында көрініс қойып өзгелермен бөлісе отырса жақсы іс болады.

Онымен қоса, барлық мұсылмандардың ұлы мерекесі Ораза айт мерекесі басталып кетті. Оразаларыңыз қабыл болсын ұстаған ағайын!

Осындай діни және мемлекеттік қос мерекеде көңіліміз толысып, мына оқшауланған қиын кезеңде ел азаматтарына демеу болады деген сенімдемін.

Ардақты бауырластар!

Осындай атаулы мерекеде баршаңыздың отбасыларыңызға бақ пен береке, шаттық пен думанды көңіл-күй тілеймін. Жырақта жүрген жақындарыңыз болса жақын арада аман есен қауышуыларыңызға жазсын.

Мереке құтты болсын!

Юсуп САИДОВ,

Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары

Тағы да оқыңыз: