Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Open Space» кеңсе отырысын өткізді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және кедергілерді болдырмау мақсатында сауда желілері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші нарық субъектілерімен монополияға қарсы комплаенс жасасу мәселесі талқыланды.

Монополияға қарсы органмен монополияға қарсы комплаенс жасасу мүмкіндігі түсіндіріліп, нарық субъектілері тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындау жөнінде уағдаласты.

Жиын соңында департаментпен Қызылорда қаласында тіркелген ірі сауда желілері, күріш және тұз өндіруші субъектілері басшыларымен монополияға қарсы комплаенс жасалып, екі жақты қол қойылды.

Тағы да оқыңыз: