Kyzylorda-news.kz Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Рахим Ошақбаевқа берген сұхбатында Алмас Өтешовті ауруханаға жатқызғанын айтқан болатын.  Ем-шараларының алғашқы кезеңін қабылдап болған соң видео жариялауға уәде еткен. Спортшы өзінің әлеуметтік желісінде Өтешовпен ауруханадан видео жариялады.

«Уәде еткенімдей, мен сізге Алмастың жағдайын айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында ем қабылдап жатыр.
Ендеше, сауығып кететін осы қиын жолда оған күш-қуат тілейік», - дейді Илья Ильин.

Айта кетейік, Илья Ильин Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында досының ем алып жатқанын айтқан болатын. 

Фото: Аlmaty2014iwf.com

Тағы да оқыңыз: