Kyzylorda-news.kz. Бүгін, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ базасында ақау орын алды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін сағат 13:10 «ҰАТ» АҚ базасында ақау орын алды. Соның салдарынан Қызылорда қаласының мамандандырылған ХҚКО-да бір талон бірнеше адамға беріле бастады.

«ҰАТ» АҚ мамандары жүйедегі ақауларды ретке келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыстың қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады», – делінген хабарламады. .

Тағы да оқыңыз: