Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті.

«Тең қоғам» орталығы мен «Жылы жүрек» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға 60-қа жуық мүмкіндігі шектеулі жан қатысты.

Шара барысында тағдырлас жандар өз өнерлерін ортаға салып, оларға арнайы дастарқан жайылды.

Акцияға қатысқан Қызылорда қалалық  жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева ерекше жандардың қоғам назарынан тыс қалмайтынын жеткізіп, қашанда қолдау болатынын атап өтті.

«Қоғамдағы ерекше жандар ешқашан өздерін жалғыз сезінбеуі үшін, түрлі шаралар ұйымдастырылып, тағдырлас жандардың бір-бірімен сұхбаттасуына мүмкіндік жасап тұрамыз. Сондай шаралардың бірі бүгін 3 желтоқсан – халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды. Оларға арнайы дастарқан жайылып, өнерлерін ортаға салды. Біздің мүмкіндігіміз шексіз, әнді де айтып, биді де билеп, жүрекжарды жыр шумақтарымызды арнап ерекше кеш өткіздік» – дейді  «Жылы жүрек» жастар қоғамдық қорының директоры Сағатбек Қуанышбайұлы.

Айта кетейік, қоғамдық жұмыстарда белсендідігімен көзге түскен 15 мүмкіндігі шектеулі жан ұйымдастырушылардың арнайы Алғысымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: