Kyzylorda-news.kz.  Биыл Ұлттық халық санағы екі кезең бойынша өтеді. Қазіргі таңда, ұлттық халық санағының «Қазақстанда әркім маңызды!» атты девизі мен логотипі бекітілді. Биылғы халық санағының ерекшелігі электронды формат арқылы өткізілуінде.

«Санақ екі кезеңнен тұрады. 1 маусымынан бастап Халық санағының бірінші немесе дайындық кезеңі басталды. Яғни, тұрақты тұратындар санын нақтылай отырып, тұрғын үйлердің, ғимараттардың және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау, сондай-ақ әр елді мекен үшін картографиялық материалды нақтылау. Ал 1қыркүйек пен 30 қазан аралығында екінші кезең, тұрғындарды жаппай халық санағынан өткізу жұмыстары жүргізіледі. 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында онлайн режимінде, 1-30 қазан аралығында планшет құрылғысымен», – деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.

Қазір Ұлттық санақтың дайындық және өткізу бөліміне 29 наурызынан бастап 4 адам жұмысқа қабылданды. Халық санағының I кезеңін өткізу мақсатында 42 нұсқаушы, 24 нұсқаушы-бақылаушылар және 166 сұқбатшылар уақытша жұмысқа қабылданып, оқыту жұмыстары жүргізілді.

«Бүгінде Қызылорда қаласында 10 санақ учаскелері ашылып, мектептерден кабинеттер бөлінді. I кезеңдегі сұқбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық ішкі істер департаментіне тиісті ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, санақ кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» – елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін», – деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.

Сонымен қатар, респонденттер кез келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін Бюроның stat.gov.kz интернет-ресурсына, Бюро басшысының блогына, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады.

Тағы да оқыңыз: