Kyzylorda-news.kz. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева қаламыздағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар үйінің жағдайымен танысты.

Кездесу барысында халық қалаулысы Балайым Тұрғанбайқызы балалар ауылының тәрбиешілері мен балаларымен кездесіп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

«Оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Осы орайда балаларымыз озық ойлы, білімді болсын деген ниетпен қазіргі таңда мемлекет тарапынан да, өңір тарапынан да барлық жағдай жасалып жатқанын байқап отырмын. Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін түрлі үйірмелер де қарастырылған екен», – деді Балайым Тұрғанбайқызы.

Айта кетейік, қазіргі таңда балалар тұратын 7 үйде 43 бала тәрбиеленуде. Отбасылық үлгідегі балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысқан фракция мүшесі ерекше ықыласын білдіріп, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: