Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желілерде қолданушылардың банк қызметкерлерінің атын жамылып қазақстандықтарды алдауға тырысып жатқан алаяқтардың құрбаны болайын дегені немесе болғаны туралы әңгімелері жиі пайда болуда. HalykBank қаскүнемдерден қалай қорғану керектігін айтты.
Алаяқтар қалай алдайды?
Алдау тәсілі әртүрлі, көбінесе алаяқтар өз құрбанының банк шоттарына қол жеткізу үшін құпиялы деректерді алдап алып алу арқылы адамдарға психологиялық қысым көрсетуді пайдаланады.
Мысалы, клиентке банктің қауіпсіздік қызметі немесе банктің колл-орталығы қызметкерінің атынан қоңырау соғып, оның атынан белгісіз біреулер кредит ресімдеп жатқанын хабарлайды. Қарыздың күшін жою үшін телефонға «қорғайтын» «TeamViewer Quick Support» немесе «AnyDesk» қосымшасын жүктеп алуды айтады, шындығында оның көмегімен қаскүнем клиенттің телефонына және интернет-банкингке қашықтықтан кіреді де қаражат ұрлайды.
Ешқандай «сақтандырылған» шоттар жоқ
Тағы бір тәсіл – қаскүнем өз шоттарын «қауіпсіз» немесе «сақтандырылған» деп атап, сол шоттарға барлық ақшаны аудару керек деп сендіреді. Тағы басқа жағдайда қаскүнемдер керісінше, алаяқтықтың алдын алу үшін клиенттен өз атына кредит ресімдеуді сұрайды. Кредит ақшасын алаяқтың картасына немесе электрондық әмиянына, яғни сол баяғы «қауіпсіз» немесе «сақтандырылған» шотына аударуын өтінеді.
Алаяқтар өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, банк клиентінің картасынан рұқсатсыз қаражат аударылып жатқанын хабарлайтын жағдайлар да кездеседі.
Операцияның күшін жою үшін адамға картаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімі мен картаның кері бетіндегі үш таңбалы CVV/CVC-кодты, сондай-ақ SMS-хабарламалардан алынған кодтарды немесе кілтсөздерді айтуын ұсынады. Кейде қоңырау шалған адам өзінің «банк қызметкері» екеніне сендіру үшін оны тондық режимде орындауын ұсынады. Алаяқтық құрбанының «қызметкерлерге» сенуі үшін,сәл күдік пайда болғандаоларды қорқытып, сес көрсетіп, тіл тигізе бастайды да барлық жинақ ақшаның ұрлануы мүмкін екенін айтады.
Мұндай деректерді ешбір жағдайда айтуға болмайды, айтылған жағдайда қаскүнемдер сіздің шоттарыңызға қол жеткізе алады.
«Брокерлер» мен «биржалар»
Алдаудың басқа да тәсілдері бар – мысалы, үлкен пайда табу туралы еліктіретін ұсыныспен жарнамасы интернетте жиі кездесетін брокерлік компаниялардың жалған сайттары. Клиент сайтта тіркеуден өтеді де өз деректерін қалдырады, содан кейін оған алаяқ қоңырау шалып, жеке кабинетте шотын толықтыруды ұсынады. Ештеңеден хабары жоқ адам оны орындағаннан кейін ақша «белгісіз» бағытқа – жалған брокердің шотына кетеді. Онымен қоса биржа мәмілесін дұрыс аяқтамаған клиенттің өзі кінәлі екенін сендіреді. Алаяқ құрбаны алданғанын түсінбегенше, оған операцияны қайталаңыз деген ұсыныс келе береді.
Сондай-ақ қазақстандықтарға банк атынан ұтыс ойындарына қатысу секілді ұсыныстар келіп түседі, төлемге қатысты сауалнамада «жеке деректерінің жоғалғаны үшін өтемақы» немесе «1500 доллар алу» ұсынылады. Ол үшін тек картаның деректерін, оның ішінде CVV2/CVC2-код пен SMS-хабарлама арқылы алынған біржолғы кодты енгізу керек дейді. Нәтижесінде ақша түспейді, керісінше картадан шешіп алынады.
Сізге банктің нағыз қызметкері емес, алаяқ қоңырау шалып тұрғанын қалай білуге болады?
Біздің қызметкерлер ешқашан картаның деректемелерін немесе SMS-пен келген кодты хабарлауын немесе телефонға не компьютерге белгісіз қосымшаларды, оның ішінде «TeamViewer Quick Support», «AnyDesk» қосымшаларын орнатуды сұрамайды.Егер сізден осы айтылғандардың біреуін жасау сұралса, сізге алаяқхабарласып тұрғанын біліңіз!
Алты «тыйымның» ережесі
Алаяқпен сөйлеспеңіз! Әңгімені бірден тоқтатып, телефон тұтқасын қойыңыз да банктің колл-орталығына қоңырау шалыңыз – оның нөмірі картаның кері бетінде немесе банк сайтында көрсетілген.
Интернетте сауда жасаған кезде сайт мекенжайының дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Картаның деректемелерін – картаның бетінде көрсетілген нөмірін, оның жарамдылық мерзімін және картаның кері бетінде орналастырылған 3-таңбалы кодты күмәнді сайттарда ешқашан енгізбеңіз.
Үшінші тұлғаларға деректемелерді бермеңіз. Сізге ұтысты немесе қандай да бір «өтемақыны» ұсынса, ақпаратты тексеріңіз.
Өз картаңыздан немесе шотыңыздан кез келген басқа «қауіпсіз» немесе «сақтандырылған» шоттарға ақша аудармаңыз.
Ақша үшін сауалнамадан өту немесе сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысу ұсынылатын сайттарда карта нөмірі мен оның басқа да деректемелерін, сонымен қатар SMS-кодты енгізбеңіз.
Банкоматта бөтен мобильді телефон нөмірін қоспаңыз.
Клиенттерді қорғау үшін банк қандай әрекет жасайды?
HalykBank алаяқтықтың жаңа түрлері мен олардан қорғану тәсілдері туралы әлеуметтік желілердегі банктің ресми аккаунттарында өз клиенттерін үнемі ақпараттандырып отырады. Ал аляқтық операция анықталған жағдайда Банк клиенттің ақшасын сақтап қалу мақсатында оның шоттары мен карталарын дереу бұғаттайды. Алаяқтық сайтқа келетін болсақ, Банк маманы анықтаған әрбір сайт бұғаттау үшін бірден құқық қорғау органдарына беріледі.
Өте қырағы болуды және ақпаратты өз ата-аналарыңызға, ата-апаларыңызға таратуды сұраймыз!
Сіздің Halyk Bank
/ҚР Ұлттық Банктен 03.02.2020 ж. берілген №1.2.47/230/38/1 лицензиясы/