Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Ол – Қазақстанда тұңғыш рет облыс әкімі болып тағайындалған әйел.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын» – делінген Жарлық мәтінінде.

Айта кетейік, Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген.

Тағы да оқыңыз: