Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жариялады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жариялады

30.03.2020, 14:30

1125 1

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты жергілікті телеарналар арқылы аймақ тұрғындарына үндеу жариялады.

Құрметті облыс тұрғындары!
 
Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты біздің облыста да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бүгінгі күнге дейін өңірде 318 адам карантиннен өтті. Мемлекеттік мекеме мамандары, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сондықтан оларды қолдап, еңбектеріне құрметпен қарауға шақырамын. Дегенмен, аймақта «COVID-19» вирусын жұқтырған 5 қазақстандық анықталып отыр.
 
Бұл жағдай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қатаң шараларды қабылдауды талап етеді.
 
Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің 30 наурыз 2020 жылғы №4 қаулысымен 31 наурыз сағат 00-ден бастап Қызылорда қаласына көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Теміржол қатынасына шектеу 1-сәуірден басталады.
 
Облыс тұрғындарынан сұрайтыным, шектеу талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз. Қоғамдық орындарда серуендеуді доғарып, үйден шықпай, дерттен оқшауланған жөн. Қазір кез келген адам вирус жұқтыруы ықтимал. Ал қаулы ережесін бұзғандарға заң аясында шаралар қолданылатын болады.
 
Өңірде коронавирус диагнозымен ауруханаға түскен ең алғашқы науқастың мәселесіне келсек, қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қауіпті індет белгілерінің неліктен кеш анықталғандығы қаралады.
 
Уважаемые жители области!

Как известно, Глава Государства Касым-Жомарт Кемелович Токаев объявил чрезвычайную ситуацию в связи с распространением коронавирусной инфекции в нашей стране. В связи с этим в области усилены меры безопасности. На сегодняшний день в регионе 318 человек были на карантине. Специалисты государственных органов, врачи работают в усиленном режиме. Поэтому призываю всех поддержать и уважительно отнестись к их труду. Однако, несмотря на принятые меры в области выявлено 5 казахстанцев, зараженных вирусом «COVID-19».

Данная ситуация требует принятия жестких мер для обеспечения безопасности населения.

Постановлением главного государственного санитарного врача Кызылординской области №4 от 30 марта 2020 года в городе Кызылорда введен запрет по въезду и выезду на территорию города с 31 марта в 00-00 часов для всех видов транспорта. Ограничение на передвижение железнодорожного транспорта вводится с 1-го апреля.

В связи с этим просим жителей области строго соблюдать ограничительные меры. Прекратить прогулки в общественных местах, не выходить из дома и самоизолироваться во избежание болезни. Сейчас любой человек может заразиться вирусом. Также хочу предупредить, что к нарушителям ограничительных мер будут приняты административные наказания в рамках закона.

По поводу первого больного, зарегистрированного в регионе с диагнозом коронавирус проводится служебное расследование. Будет рассмотрена причина позднего выявления симптомов опасной эпидемии.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты аймақ тұрғындарына үндеу жариялады.#Қызылордаоблысы#ГүлшараӘбдіқалықова#Төтенше_жағдай

Опубликовано Қызылорда Облысының Әкімдігі Понедельник, 30 марта 2020 г.

1

  • Құрметті Гүлшара Әбдіхалықова!
    Жұмысыңызға табыс тілеймін. АЛЛА ТАҒАЛАМ БӘРІМІЗГЕ САБЫРЛЫҚ БЕРСІН. ҚИЫН ҚЫСТАУ ЗАМАНДА БІР БІРІМІЗДІ ҚОЛДАЙЫҚ. БІЗ БІРГЕМІЗ.

Пікір қалдыру