Kyzylorda-news.kz. Биыл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын қарсы алады. Осыған орай, Қызылорда облысында «Жасампаз ұрпақ» акциясы басталды. Осы акцияда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алғашқы болып өзінің майдангер әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.

«1941 жылдың жаз айы. Бұл мезгіл мектеп бітіріп, білім ұясынан енді ғана түлеп ұшқан әкем Науша Әбдіқалықов үшін ең қасіретті кезеңдердің бірі болды. Ол 1942 жылдың наурызында, соғыстың нағыз қызған шағында Қызыл әскер қатарына қосылды. Жауынгерлік жолын гвардиялық 279-шы атқыштар полкінде бастап, Смоленскіден Балтық теңізі жағасындағы Кёнигсбергке дейінгі сұрапыл соқпақты жүріп өтті. Жауға қарсы топ бастап, қаншама қала, елді мекенді азат етуге атсалысқаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болды. Әкелердің ел үшін жасаған ерлігі – біз үшін үлгі. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес!», – деді Гүлшара Наушақызы.

Аймақ басшысы Жеңістің биылғы мерейтойы онлайн форматта тойланатындығын өзінің парақшасында жазған.

«Биыл біз Жеңістің 75 жылдығын карантин жағдайында қарсы аламыз. Бірақ, бұл ең сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтаған жауынгерлерге құрмет көрсетпеу деген мағынаны білдірмейді. ​Биыл «Жасампаз жасақ» шарасы виртуалды режимде өтеді. Яғни, Сыр бойынан шыққан батырлардың ерлігі кең көлемде насихатталады. Біз олардың есімін жадымызда тағы бір мәрте жаңғыртатын боламыз. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі интерактивті акцияға қатысуға шақырады.

Ол үшін әке-аталарыңыздың, жақындарыңыздың фашизмді жоюға қосқан үлесін әңгімелеп немесе майданнан жіберген хаттарын оқып, бейнеролик түсіресіз. Отбасылық фото-суреттерді көрсетсеңіз де болады. Қорытынды бейнежазбаны әлеуметтік желіде төмендегі хэштегтермен жариялайсыз. (Instagram. Facebook, ВКонтакте). ​Біз сол бейнематериалдарды жинақтап, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтындағы «Жасампаз жасақ» бөлігіне орналастырамыз. Ұнаған роликке дауыс беруге болады. Үздік 10 туынды 9 мамыр күні «Qyzylorda» телеарнасында көрсетілетін бейнесюжетке енгізіледі. ​Әке-аталарыңыздың жеңіс жолдарын құрметтеп, ерліктерін насихаттауға атсалысыңыздар.

Жасампаз жасақ – ерлікке тағзым! Біз біргеміз!», – деген облыс әкімі аталған жазбасында.

75-летие Великой Победы мы встречаем в условиях карантина. Но ничто не помешает нам отдать долг памяти нашим отцам, дедам и прадедам, победившим в самой страшной в истории человечества войне. ​В этом году марш "Жасампаз жасақ" будет виртуальным. Кызылординские ветераны войны также окажутся в этом строю. Они живы, пока мы о них помним и рассказываем своим детям об их подвиге. Поэтому акимат Кызылординской области призывает вас принять участие в интерактивной акции. ​Снимите на свои смартфоны видеоролики с рассказами и воспоминаниями о ваших родных и близких, о ветеранах, которые отважно сражались с фашизмом. Или зачитайте отрывки из писем с фронта. Покажите фотографии из семейного альбома, на которых изображены воины-победители. Снятый видеоролик выложите в любую социальную сеть (Instagram, Facebook, ВКонтакте и др.) с хештегом# SyrBatyrlary# Jeniske75# BatyrUrpagy ​Мы соберем ваши ролики и разместим в разделе "Жасампаз жасақ" на главной странице сайта акимата Кызылординской области. Затем проголосуйте за понравившийся вам видеоролик. 10 лучших историй мы соберем в новостной телесюжет, который будет показан 9 мая в эфире телеканала "QYZYLORDA". ​Расскажите о боевом пути своих отцов, дедов и прадедов. Пусть о подвиге воинов-победителей узнают все кызылординцы. Жасампаз жасақ – чтобы помнили!Біз біргеміз!

Опубликовано Қызылорда Облысының Әкімдігі Четверг, 23 апреля 2020 г.

Тағы да оқыңыз: