Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ғалым Мардан Байділдаевтың есімі ел есінде мәңгі сақталатынын айтты. Бұл туралы аймақ басшысы «Facebook» парақшасында жариялады.

«Бүгін жерлесіміз, қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші ғалым Мардан Келдібайұлы Байділдаевтың туғанына 95 жыл толды. Халық әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысып, Темірбек Жүргенов, Сүлеймен Есқараев сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлердінің өмірбаянын анықтауға күш-жігер жұмсады. Айтыс өнерінің қайта жандануына көмектесті. «Шаһнаманың» Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырманға ұсынды. «Рүстем дастан» (1961), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985) жинақтарын шығаруға қатысты. Әуелбек Қоңыратбаевпен бірге «Қорқыт ата кітабын» аударды. Ғалым есімімен облыста мектеп және көше аталады.Қазақ ғылымының өркендеуіне зор үлес қосқан зерттеуші ғалым Мардан Байділдаевтың есімі ел есінде мәңгі сақталады», – деп жазды әкім.

Тағы да оқыңыз: