Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі қоғам қайраткері, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі Мұрат Әбеновпен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде аймақта Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының мәселесі және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Президент берген тапсырмалар талқыланды.
Сондай-ақ тек облыс орталығында ғана емес, аудан, ауылдық жерлерде де азаматтық қоғамның беделін арттыру, оларды өңірлерді дамыту ісіне тарту қажеттігі де айтылды.

Үкіметтік емес ұйымдар – ел қуатын арттырып, мемлекеттің тұрақтылығын күшейтетін маңызды қоғамдық институт.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында 996 ҮЕҰ тіркелген. Оның ішінде 443 бірлестік, 294 қор, 259 филиал мен өкілдік бар. Үкіметтік емес ұйымдардың 454-і өңірдің рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз үлестерін қосып келеді.

Мемлекет пен өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың арасына алтын көпір болып, ҮЕҰ-ға жан-жақты көмек көрсетіп келе жатқан Азаматтық Альянс Қауымдастығының жұмысы жандандырылып, қызметі жаңа бағытта қарқын алды. Қауымдастық «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі болып қайта құрылып, жаңа басшысы болып азаматтық қоғам саласында нәтижелі еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман Ізден Анар Жарылқасынқызы тағайындалды.
2020 жыл 22 қазан күні облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» өтті. Жобалар жәрмеңкесіне ҮЕҰ тарапынан 201 млн. 159 мың теңгені құрайтын 30-ға жуық жоба ұсынылды. Үздік деп танылған жобалар салалық принцип негізінде жұмыс атқаратын басқармаларға, қала және аудан әкімдіктеріне өз құзыреті шегінде қарауға ұсынылды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» басшылығымен бірнеше рет кездесті. Соңғы кездесуде аймақ басшысы 7 аудан мен Қызылорда қаласында ҮЕҰ қолдау үшін ақпараттық-ресурстық орталықтарды ашуға жәрдемдесу үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Облыс бойынша ҮЕҰ 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 1 млрд. 223 млн. 382 мың теңге бөлініп, 165 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2020 жылдың І жартыжылдығында 1 млрд. 296 млн. теңге қаралып, 154 әлеуметтік жоба іс асырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар негізінен ұлтаралық қатынастарды реттеу және ұлттық саясатты жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, жастар және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру жұмыстарына, азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.
Сонымен қатар, бірқатар әлеуметтік жобалар қазіргі қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қысқартылып, облыс экономикасын қалпына келтіруге бағытталуда.
Кездесу соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қоғам қайраткері, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі Мұрат Әбеновке алғысын жеткізіп, ққоғамдық-саяси бағыттағы әрбір бастамаларына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: