Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібайұлымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері ғасырдан асқан қария Яхия Тасыровтың шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы Мұрат Ергешбаев майдангерге мерекелік құттықтау хат және арнайы әзірленген сыйлықтарды табыс етті.

«Сіз қиын кезеңдерді бастан өткеріп, халық шаруашылығын қалыптастыруда үлкен рөл атқардыңыз. Соғыста жеңіске жетуде қосқан үлесіңіз ерекше. Отан үшін от кешіп, туған елді қорғау жолындағы ерлігіңізді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп насихаттауды басты парызымыз санаймыз. Майданда ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіңізді де ерекше бағалаймыз. Өйткені, талмай, тынбай ел үшін еңбек еттіңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің, шөберелеріңіздің қуанышына бөленіп жүре беріңіз», – деді аудан басшысы Мұрат Ергешбаев.

Мереке аясында ерекше құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс айтқан соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров ақ батасын беріп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға жеміс тіледі.

Тағы да оқыңыз: