Kyzylorda-news.kz. Он жылдан кейін елімізде ауыз су тапшылығы сезіледі. Алматыда бас қосқан мамандар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

Халық судың да сұрауы барын ұмытқан. “Дәл қазіргідей қарқынмен тіршілік нәрін үнемсіз жұмсай берсек, алдағы он жылда су қоры 14 миллиард текше метрге азаяды”, – дейді ғалымдар. Ал оның орнын толтыратын ірі-өзен көлдер жоқтың қасы. Бар болса да, бастауын басқа мемлекеттерден алады.

Егер көрші елдер трансшекаралық өзендердің арнасын жапса, Қазақстанды құрғақшылық жайлауы ғажап емес. Бұл экологиялық күрделі мәселенің түйінін шешуге мамандар бірнеше жоба ұсынып отыр. Оның бірі – ылғалды сақтайтын технологияны қолданып, ауыл шарушалығы алқаптарын үнемдеп суару дейді сарапшылар.

“Еліміздің оңтүстігінде орналасқан таулардағы мұздықтар ери бастады. Солар мұз еріп біткен соң құрғақшылық басталады деген қауіп бар. Біз суды таусылмайтын қазына деп есептейміз. Алайда судың да сұрауы бар. Сондықтан бұл іспен ғылыми тұрғыда айналысу керек”, – дейді Ұлттық экономика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ерлік Қаражан.

Тағы да оқыңыз: