Kyzylorda-news.kz. Ғалымдар адам ағзасында белгісіз вирусты тапты. Зерттеушілердің болжамынша, ол ішек микрофлорасын бұзып, қауіпті инфекция тудыруы, тіпті антибиотиктерге тұрақтылықты тудыруы мүмкін екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғалымдар белгісіз вирусты науқастар биологиялық сұйықтықтар мен қан тапсырған сәтте анықтаған.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, вирустың бұл түрі бактериофаг санатына жатқызылатын көрінеді. Ал вирустың мұндай түрі Escherichia coli сынды ішек бактерияларына шабуылдайды екен.

Айта кетерлігі мұндай бактериялардың кейбір мөлшері кез келген адам ағзасынан табылады. Олар адам өміріне қауіп төндірмей, керісінше пайдасын тигізеді.

Мәселен олар ауру шақыратын бактериялардың көбеюіне жол бермей, К дәруменін түзеді. Тағы бір қызығы, E. coli адам ағзасында шамадан тыс көп болса, ол белгілі бір ауруға әкеп соқтырады. Әсіресе ол клиникаларда көптеп кездеседі.

Осылайша олардың адам ағзасына пайдалы және зиянды тұстары бар екен. Жалпы ғылымда бактериофагтарды “қара материя” деп атайды. Өкінішке орай олар бүгінде ғалымдар тарапынан толықтай зерттелмеген.

Тағы да бір ескеретін жайт, мамандар анықтаған аталмыш вирус кең таралған болып шықты.

Олар зерттеуге қатысқан 111 адамның әр жетіншісінен аталған вирусты тапқан екен.

Тағы да оқыңыз: