Kyzylorda-news.kz. «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС – «DANAKE Корпорациясы» ЖШС мен қытайлық «Gezhouba Group Cement Co Ltd» компаниялары бірлесіп құрған инвестициялық жоба.
Зауыт 2019 жылы сынама ретінде, 2020 жылы толық іске қосылды. «Гежуба Шиелі Цемент» зауыты – еліміздегі ең жаңа технологияларға негізделген құрылғылармен жабдықталған құрылысқа қажетті портланд және тампонажды цемент шығаратын зауыттардың бірі.
Зауыттың жобалық өндірістік қуаты жылына 1 000 000 тонна цемент шығару. Зауыт толық қуаттылығында жұмыс істеп келеді. Зауыт облыс пен ауданды цементпен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Қазақстанның бірнеше қалаларына, сондай-ақ сырт елге Өзбекстанға өз өнімін экспорттап отыр. Сонымен қатар жабдықтарды жаңғырту арқылы цемент зауытының қуаттылығын клинкер өндіруден 2500 тоннадан 2900 тоннаға дейін арттыруға қол жеткізу үшін жоба әзірленуде.
Кәсіпорында өндірілетін өнім цементтің сапасын бақылау басты міндеттердің бірі. Барлық өндірілген өнімдер сертификатталған, жоғары сапа көрсеткішіне ие. Өнімнің сапасын бақылауды шикізат пен қосалқы материалдардың сапасын үнемі бақылауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар клинкер мен цементтің талаптар мен ГОСТ стандарттарына сәйкестігін талдайтын озық жабдықтармен жабдықталған өз зертханасы қамтамасыз етеді.
Өндірістік бақылау Орталық басқару пункті (ЦПУ) арқылы жүзеге асады. Зауытта технологиялық процестер жоғары автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Шикізат салмағы, температура, ылғалдылық барлығы жіті бақылауда. Өндірістік бақылауға үлкен мән беріледі, оның барысында шикізаттың сапасы мен олардың стандарттар мен техникалық шарттарына сәйкестігі анықталады. Белгіленген режимдерде құрылғылардың, механизмдердің және қондырғылардың жұмысын білікті мамандар бақылайды. Өндірістік бақылау заманауи әдістер мен құралдарды қолдану арқылы барлық кезеңдерде жүйелі түрде жүзеге асырылады.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» зауыты цемент өндірудің ең заманауи әдісі болып табылатын цемент өндірудің құрғақ әдісін қолданады. Бұл әдіс әлемде ең өнімді, шығыны аз және қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан ең таза әдіс ретінде танылған.
Зауыт цемент өндіруге шикізат ретінде жергілікті жерде өндірілген өнімді пайдаланады. Негізгі шикізат көзі әктас зауыттан қырық шақырым жердегі кен орнында өндіріледі және өндірісті шикізатпен үздіксіз қамтамасыз етіп отыр.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС қоршаған ортаға қамқорлық жасайды және оны қорғауға ерекше көңіл бөледі. Өнім көлемінің ұлғаюы аясында ластаушы заттар шығарындыларының деңгейін төмендету «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарының сақталуын және өндірістік процестердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін барынша азайтуды қамтамасыз етеді. Ол Өндірістік экологиялық бақылау арқылы жүзеге асады. Өндірістік экологиялық бақылау арқылы ластаушы шығарындылардың қоршаған ортаға жол берілетін теріс әсер ету нормаларының белгіленген лимитін, биологиялық/физикалық әсер ету деңгейін, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылайды.
Жабдықтарды жаңғырту жобасы бойынша жылдық шығарынды көлемі 8263 тоннадан 6228 тоннаға дейін азаяды.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары мамандандырылған ұйыммен келісім-шарт негізінде қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын арнайы жабық автотранспортпен уақытылы шығарылады. Зауыт аумағын көгалдандыру мәселесі де басты назарда. Былтырғы жылы зауыт сыртын айналдыра бес мыңға жуық көшет отырғызылып, баптау жұмыстары жалғасуда.
Зауыттың экологиялық саясаты – цемент зауыты қызметінің қоршаған ортаға және тұрғындарға теріс әсерін азайту болып табылады.