Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратура органдарының бастамасымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтап, тасымалдаған Шиелі ауданының тұрғынын ұстады.

Ұсталған 47 жастағы азамат газет қиындысына оралған жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар ұнтақтарды 2000 теңгеге сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, газет қиындысына оралған жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар ұнтақтың жалпы салмағы 3,56 грамм кептірілген «марихуана»  екендігі анықталды.

Бұл азаматтың жұмыс орнын тексеру барысында 14 дана газет қиындыларына оралған есірткіге ұқсас заттары бар  орамалар табылды.

Сонымен қатар, азаматтың мекен-жайын тінту барысында үйінен  12 дана газет қиындыларына оралған есірткіге ұқсас заттар алынып, сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттардың жалпы салмағы 99,33 гр. «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. 

«Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1 бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) және 269 бабының 3 бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тағы да оқыңыз: