Төтенше жағдайлар комитеті пешті дұрыс пайдаланудың 6 ережесін ұсынды, деп жазады Sn.kz.

ҚР ІІМ ТЖК азаматтардың тұрғын үйлерде газдан уланбауының алдын алу үшін тұрғындарға пешті ретке келтіруді және оны  пайдалану ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Жұртшылықты от жаққанда қажетті талаптарды қатаң сақтауға шақырған Төтенше жағдайлар комитеті пешті дұрыс пайдаланудың 6 ережесін ұсынды.

1.Пешті жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.  

2.Пештің үстінде және оған жақын жерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді.

3.Қатты суық кезінде оттың жануы күшейгенде пештің әрі қарай қызуына жол бермеңіз, оған жапсарлас құрылыс құрылымын мұқият бақылау қажет.

4.Пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе, балаларға бақылау жасатпаңыз.

5.Түтін каналының жабылуы тұрғындардың улы газбен улануына әкеліп соқтыруы мүмкін болғандықтан, тосқауылдың жай-күйіне назар аударыңыз.

6.Мұржаны міндетті түрде 3 айда бір реттен кем емес және тартым нашарлаған жағдайда дереу тазалаңыз.

Тағы да оқыңыз: