Kyzylorda-news.kz. «Евровидение-2022» ән байқауында жеңіске жеткен украиналық «Калуш Оркестра» тобы бірінші орын үшін берілген шыны микрофонды өздеріне қалдырмайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Музыканттар оны аукционда сатады. Ал жүлдеден түскен ақша ел әскерін қолдау қорына аударылады.

Айта кеткен жөн, Италияда өткен биылғы байқауда украиналықтардан бөлек үздік бестікке Ұлыритания, Испания, Швеция мен Сербиядан барған қатысушылар кірді. Әскери іс-қимылдарға байланысты ақпанның соңында Ресейдің бұл жарыстан шеттетілетіні белгілі болды.

Тағы да оқыңыз: