Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта есірткі айналымына барлық елдерде шектеу қойылған. Біздің елімізде де есірткіні пайдалануға қатаң түрде тиым салынған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №1886 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тиым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген.

Мектебімізде үнемі нашқорлыққа қарсы сауалнамалар, акциялар, сайыстар жүргізіліп отырады. Жыл сайын психолог-педагогтеріміз оқушылардан нарко сауалнамасын алады.

Нашақорлық – ата-анамыздың көз жасы.

Нашақорлық – қылмыскер атануыңа апаратын тіке жол!

Біз – өз өміріміздің суретшісіміз.

Өмір қас-қағым сәт, кірпік қағумен тең. Сондықтан өз өмірімізді есірткісіз-ақ гүлдендіріп, денсаулығымызды күтіп, бақытты да мәнді өткізу өзіміздің қолымызда. Есірткісіз өмір ғажайып, мен өмірді сүйемін.

Адамның мәнді де, ұзақ өмір сүруінің басты көзі-оның денсаулығы. Адам баласы өмірге бір-ақ рет келеді, сондықтан өз өмірімізді бағалай білуіміз қажет.

Қазіргі қоғамда басты тақырып – нашақорлық орын алып жатыр. Ол адамға кері әсерін тигізіп, адамның бойын ластайтын улы тамшы. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Бұл ауруға Қазақстан халқының шалдыққаны да байқалады.

Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі мектеп оқушылары (жасөспірімдер). Себебі олар аса еліктегіш келеді. Бір рет қолданып көрсем ештеңе етпейді ғой деген оймен оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Міне осылайша есірткіге тәуелді болып қалады.

Ақбота МҰРАТБЕКОВА,

Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы,

Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы

Тағы да оқыңыз: