Есірткі заттарын тасымалдаған Арал ауданының тұрғыны ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Есірткі заттарын тасымалдаған Арал ауданының тұрғыны ұсталды

22.01.2020, 10:40

662 0

Kyzylorda-news.kz. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының Арал ауданы тұсында күдік тудырған жеңіл автокөлік тоқтатылды.

Тексеру барысында 1 келіге жуық  «кептірілген марихуана» тәркіленді. Автокөлік жүргізушісі 36 жастағы Арал ауданының тұрғыны болып шықты.   

«Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында. 

0

Пікір қалдыру