Ертеңнен бастап жаңбыр жауып, жел күшейеді – Kyzylorda News
Басты бет

Ертеңнен бастап жаңбыр жауып, жел күшейеді

04.07.2022, 15:40

338 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның көптеген өңірінде Оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді.

5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, ал 6 шілдеде солтүстік-батыста, орталықта қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін.

7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды.

Күндіз батыста ауа температурасы +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылайды.

Маңғыстау облысында – +23+28°С, оңтүстігінде – +31°С,

елдің орталығында – +20+28°С,

Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде – +33°С,

республиканың шығысында – +22+29°С, ШҚО оңтүстігінде – +33°С,

елдің оңтүстігінде – +30+37°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендейді,

елдің оңтүстік-шығысында – +28+33°С, таулы аудандарда – +23°С.