Ертеңнен бастап күн жылиды – Kyzylorda News
Басты бет

Ертеңнен бастап күн жылиды

29.11.2021, 11:00

316 0

Kyzylorda-news.kz.  Алдағы үш күнде – 2021 жылдың 30 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Қазақстанда күн жылы болады, деп болжады Қазгидромет мамандары.

«Аязды әкелген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп кетеді», – деп атап өтті синоптиктер.

Оның орнын Қара теңіз аумағынан келетін жылы батыс циклоны басады, жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады.  

Тек 2 желтоқсанда кезекті антициклон республиканың батыс өңірлеріне жылжиды, сол себепті температура аздап төмендейді: түнде 5 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз – 5 градус жылы болады. Маңғыстау облысында күн 10 градусқа дейін жылынады.

Республиканың солтүстік-шығысында және оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз.

0

Пікір қалдыру