Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 15 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Тағы да оқыңыз: