Kyzylorda-news.kz.  «Қазгидромет» РМК-сы 15-17 қаңтар аралығындағы күн райы болжамын жариялады.

Республиканың көп бөлігінің ауа райына, Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан кей өңірлерде жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-28 метрге жетеді. Сондай-ақ еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді. 17 қаңтарға жақын, түнде батыста 5-13 градус аяз, солтүстік өңірлерде 5-15 градус аяз болады. Ал елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжануда.

Тағы да оқыңыз: