Kyzylorda-news.kz. Биылғы қуаңшылық салдары теңіз төскейіндегі халыққа оңай тимегенін тереңінен ұғынған ел еріктілері көмек беруге қарқынды атсалысып жатыр.

Соларды бірі Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумалары Құрмет Талапқазы, Қажымұқан Абзалов, Сайлау қажы сынды азаматтары бастаған қайырымдылық шарасына Алматы облысының бір топ белсенділері Мұратбек Солтанбай, Ерлан Төлеубай және Қарқын Сейсен атты азаматтары үн қосып, елдің назарын ауданымыздағы қуаңшылық мәселесіне аударып, көмек қолын созуға біркісідей атсалысып келеді.

Атап айтқанда ерікті азаматтардың ұйымдастыруымен осы күнге дейін ауданымызға қарасты Сексеуіл кентіне 5 вагон, Қамыстыбас ауылдық округіне 3 вагон шөп жеткізіліп, ауыл тұрғындарына тегін үлестіріліп берілді.

Осындай қиын кезеңнен өтуге көмек беріп, жергілікті тұрғындардың жанына жалау болуды мақсат еткен еріктілер бүгінде осындай көмек легін жалғастыру мақсатында Сарағаш ауданынан мал азығын дайындауға кірісіп кеткендерін жеткізді.

«Бұл қайырымдылық шарасына қарапайым халық та, бірқатар бизнес өкілдері де айтарлықтай үлес қосуда. Соның ішінде «Business Damu Group» ЖШС мен «Туран Бизнес Груп» ЖШС-і ерекше қолдау білдірсе, бұл шарадан «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ да шет қалмай, мал азығын ауданға жеткізуге ықпал етуде» – дейді ерікті Мұратбек Солтанбай.

Тағы да оқыңыз: