Kyzylorda-news.kz.  21 наурыз Халықаралық Даун синдромы бар адамдар күні. Бұл күн бекер таңдалған жоқ. Даун синдромы бар балалардың әрқайсысы ерекше. Олардың өзіне ғана тән мінезі, мүмкіндігі, қызығушылығы болады. Қабілеті әртүрлі болғандықтан, бірі үйреткеніңді жылдам меңгеріп алса, кейбірі қосымша дерттеріне байланысты меңгере алмайды.

336181084_170497068724181_3113162911137675900_n.jpgАталған күнге орай И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде «Күн сәулелі балалар» тақырыбында қалалық семинарлар өтті.

Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ақерке Мұратбайқызы, мектепте ерекше білім беруге қажетті балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандар, «Шуақты Бөбек» Қоғамдық қорының ата-аналары қатысты.

Туа бітті немесе жүре пайда болатын бұл науқас түріне шалдыққан балалардың жетілуі баламен оқу-дамыту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты екендігі ғалымдармен дәлелденген. Сондықтан, осы патологиялық ауруға шалдыққан балалардың дамуына үлес қосатын игі шарада күн сәулелі балаларға тренинг-жаттығулар ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды.

Күн сәулелі балалар үшін ата-ананың және арнайы педагогтардың мейірімі өте маңызды, сол себепті үмітті үзбей, қолдан келгеннің бәрін аямайық.

335462242_1060756194747857_5408104094553436519_n.jpg

Тағы да оқыңыз: