Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы еңбек қабілетінен айрылған 14,7 мың азаматқа 15,5 млрд теңге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың нәтижесі бойынша кәсіптік еңбек қабілетінен айрылған 14,7 мың азаматқа 15,5 млрд теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілді. Олардың ішінде 10 мыңға жуығына бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы мен сақтандыру қорынан төлем берілді, ал 6 мыңға жуық азамат сонымен қоса Мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алды. 46% азаматтың кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу деңгейі 30 бен 59 пайыздың арасын құрайды. Олардың көпшілігі жеңіл жұмысқа ауысты», – деді Серік Шәпкенов бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда еңбек ету қабілетінен айрылған жұмыскерлердің үлесі төмендеді.

Тағы да оқыңыз: