Kyzylorda-news.kz. Коронавирус күдігіне іліккен 33 науқас әлі де дәрігерлердің бақылауында. Олардың ағзаларынан коронавирус табылмады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты

«Коронавирус күдігімен аруханаға жатқызылған пациенттер ем алып жатыр. Оларға тестілеу жүргізілді, коронавирус табылған жоқ. Дегенмен, оларда өткір респираторлық инфекция, тұмау болғандықтан ем алуын жалғастырып жатыр, бақылауымызда», – депті министр. 

Денсаулық сақтау министрі бүгінгі мәліметке сәйкес ауруханада әлі 33 науқас ем алып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол шетелден, тіпті Қытайдан келген адамдардың барлығын бірдей коронавирусқа зертханалық тестілеуден өткізудің еш қажеттілігі жоқ екенін баса айтты.

«Аталған зерттеу адамда ауру белгісі болса ғана жүргізіледі. Мұндай дене қызуы, жөтелу сынды белгілердің 99 пайызында ол кәдімгі тұмау болып шығады. Қазір бүкіл 18 млн адамды коронавирусқа тексеріп шығудың ет қажеттілігі болмай тұр. Оның мәні де жоқ», – деді Біртанов.

Бұған қоса министр коронавируске қатысты ел ішінде аласапрын тудыру қажет емес деп ескертті.

«Кейбір адамдар «мен тексеріліп, көңілімді тыныштандырғым келеді» деген ұстаныммен дүрбелең жасайды. Әрине, тексерілуге болады. Бірақ, оның еш мәні жоқ. Бұл үшін оның алғашқы белгілері болуы тиіс. Анализ жасау өте қымбат. Бұл тестіні қазір ғана әзірледік және оң нәтиже көрсетіп отыр. Біз оны көбейтеміз және бұл коронавирус күдігіне іліккен пациенттер жедел тексеруден өтеді дегенді білдіреді»,- деді Елжан Біртанов.

Тағы да оқыңыз: