Елордада Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың брифингі басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Елордада Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың брифингі басталды

22.11.2019, 15:20

820 1

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен брифинг басталды.

Брифингте аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндайтын болады.

Өңір басшысы БАҚ өкілдері алдындағы брифингінде Қызылорда облысы әкімінің қызметіндегі журналистермен елордадағы алғашқы жүздесуі екендігін атап өтті.

«Бұл – менің әкім қызметінде Сіздермен алғашқы кездесуім. Сұхбатымыз өнімді өрбуі үшін ең алдымен облыстың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалы, өзекті мәселелері, қазіргі жұмыс барысы және алдағы жоспарлар жайында айтып өтсем деймін. Содан кейін сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Біздің өңіріміз жайында хабардар екендеріңізге сенімдімін. Бұл, әрине, тиімді болар еді, өйткені, бізге берілген азғантай уақыт ішінде аймақтың бүкіл тыныс-тіршілігін айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан, облыс дамуының ең маңызды аспектілеріне тоқталсам деймін.

Өздеріңіз білетіндей, облыс әкімі болып тағайындалғанға дейінгі соңғы 3,5 жылда мен Қызылорда облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

Сондықтан, жыл соңына дейінгі облыс дамуының жоспарлары түбегейлі өзгере қойған жоқ. Дегенмен, Мемлекет басшысы қойған міндеттер мен ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, жыл соңына дейінгі Іс-қимылдарымызға түзету енгіздік», – деді облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы.

1

Пікір қалдыру