Kyzylorda-news.kz. Елдің бірқатар аймағында күн райы күрт бұзылды. Салдарынан көлік қозғалысы қиындап кетті. Түркістанда бірнеше жол көлік апаты тіркеліп, екі адам опат болды. Өйткені оңтүстік өлкеде көктайғақ.

Түркістан облысында ауа райы әлі де құбылмалы болып тұр. Кеше аймақта жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Жолдың бәрі көк мұзға айналып, бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ордабасы ауданының аумағында екі жүк көлігі аударылып, жүргізушілер опат болған. Жағдайға байланысты «Самара-Шымкент» тас жолы уақытша жабылды.

“Төрт асуымыз бар. Созақ, Бәйдібек, Түлкібас аудандарында. Бадамбұлақ, Шыбықбел, Таскөмірсай, Шақпақ асулары, осылар қауіпті деп саналады. Себебі асуда жел тұрғанда жолды жауап қояды. Табиғаттың әсерінен. Сол үшін тұрғындарға айтатынымыз қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаса, СМС хабарламаларға мән берсе, жол апаты аз болады деген үміттеміз”, – дейді ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Талғат Серікұлы.

Осы Түркістан облысы мен Қызылорда қаласының аралығында көктайғақтың салдарынан 6 жүк көлігі апатқа ұшырады. Зардап шеккендер жоқ. Полицейлер 140 автокөлік пен 400-ге жуық адамға көмек көрсеткен. Кешелі бері жауапты мекеме арнайы техникалармен жолға құм мен тұз қоспасы сепкен. Бүгін аталған аумақтағы жол бөлігі ашылып, көлік қатынасы қалпына келді дейді мамандар.

“27 арнайы техника 48 жұмысшылары автожолдың мұз басқан жерлеріне тайғаққа қарсы 690 тонна құм-тұз қоспасын септі. Құрметті жүргізушілер мен қала тұрғындары, автокөліктің қысқы дөңгелекке ауыстыруларын және ұялы телефонға келген хабарламаларға және ауа райының қолайсыз кезінде жолға шықпауларыңызды ескертеміз”, – дейді ОПД ЖПКБ патрульдік полиция ротасының командирі Ерік Нұрмағанбетов.

Қазір барлық бағыттағы жолдар ашық. Дегенмен, құтқарушылар тұрғындардан алыс жолға шығар кезде аса сақ болып, ауа райы өзгерісіне мән беруді сұрайды.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: