Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.

«Елдегі төтенше жағдайға байланысты бірқатар қызметкерлердің жұмыс режимі өзгеруде. Осы орайда жұмыс берушілерге үлкен әлеуметтік жауапкерішілік танытып, еңбек заңнамасын толық сақтауға шақырамын. Және де жұмысшылар өз еңбек құқықтарын білуі өте қажет», – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар, мекемелер қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, онда қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі.

«Қашықтықтан жұмысқа көшкенде, еңбекақы төлеу тәіртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады», – деді Б. Нұрымбетов.

Тағы да оқыңыз: