Елімізде жылына қанша тонна уран өндіріледі? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Елімізде жылына қанша тонна уран өндіріледі?

26.11.2019, 17:20

330 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Тengrinews.kz

«Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Асқар Мамин. 

Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: «Заречное» БК АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «ОТХК» БК» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8 пайыз), осы жылдың 9 айында – 6645,8 тонна уран өндірді. 

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын, соның ішінде уранды өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы, сондай-ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен Төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

0

Пікір қалдыру