Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда қатты соққан желдің салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде хабарлады.

Оқиға Ақмола облысында орын алған.

Аталған комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 сәуірде Бурабай облысы Үрімқай ауылында екпіні 28 м/с-қа дейін күшті желдің салдарынан машина ауласындағы ғимаратының төбесіндегі шатыр сынған. Соның салдарынан 1980 жылғы күзетші жарақат алып, қайтыс болды.

Еске салсақ, кешеден бері еліміздің бірқатар өңірінде қуатты дауыл соғуда. Мәселен, қатты желдің салдарынан секундына отыз метрден асатын жел Көкшетаудағы электр қуатын үзіп жіберді. Соның салдарынан, бірнеше аудан жарықсыз қалды.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында да ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, бүгін аймақта қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауады.

Тағы да оқыңыз: