Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-ның қызметкерлері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райына атлантикалық циклондар ықпал етіп, республиканың басым аумағында қар жауып, боран болып, жолдарды қар басты. Сондай-ақ ауа температурасы қыс мезгілі үшін салыстырмалы алғанда жоғары болды.

Қаңтар айының соңғы аптасында, кезекті циклоннан кейін, Қазақстанға антициклон келуі ықтимал. Осыған қарай республиканың көптеген облыстарында 29-30 қаңтар аралығында жауын-шашын тоқтап, күн суытады.

Ауа температурасы қаңтар айына ұқсас болады: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта минус 20…30°С. Бірақ мұндай төмендеу қысқа мерзімді, себебі кезекті атлантикалық циклон Ресейдің еуропалық бөлігіне шығуға дайын, ал онымен байланысты жылу біздің батыс аудандарға түсе бастайды.

Тағы да оқыңыз: