Елена Ким: Президент мәлімдемесі – ертеңгі күнге деген сенімге жетелейді – Kyzylorda News
Басты бет

Елена Ким: Президент мәлімдемесі – ертеңгі күнге деген сенімге жетелейді

27.04.2020, 15:40

604 0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесі көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Қазіргідей күрделі кезең ешкімге де оңай соғып тұрған жоқ.

Соған қарамастан елімізде халықтың жағдайы үшін барлық шаралар қабылданып, оң шешімдер жүзеге асуда. Президент өз мәлімдемесінде мұндай шаралардың әлі де жалғасын табатынын айтты.

Мәселен, осы уақытқа дейін 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілсе, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылған. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге қаржылай қолдаудың көрсетілуі, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алуы, 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктердің жасалуы елге көрсетілген үлкен қолдау.

Себебі, қазіргі күні барлық салада жұмыс тоқтап тұр. Қалыпты жағдайға көше бастағанда, қаржылық дағдарысқа байланысты оларда жұмысшы санының қысқару жағдайы орын алуы мүмкін. Алайда, мемлекет осы мәселенің алдын-алуға бар күш жігерін салып жатыр. Бұл – халықтың алдағы күнге деген сенімін тудыруда.

Ендігі жерде бізде еліміздің аяққа тұрып кетуі үшін бар күш жігерімізді салып, қолдау көрсетуіміз керек. Біздің қолдау – карантин шараларын сақтау. Мұны халық түсіністікпен қабылдайды деп білемін. Бұл ретте біз халықпен біргеміз.

Елена КИМ,

Қызылорда облыстық «Қазақстан кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.