Kyzylorda-news.kz. Қармақшыда «Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің бесігі» атты аудандық ғылыми-танымдық конференциясы болып өтті.

Конференцияның алғы сөзін түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Гульчин Гейдарова алды. Ол әрбір жеткен жетістіктердің негізі – халықтың бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігінің нәтижесі деп біледі.

«Біздің елді мекендейтін этностар тату-тәтті тірлігінің арқасында бір-бірінен көп нәрсе үйреніп, үлгі алды, осы үндестік мемлекет дамуының кепілі болды. Бірлікті ұстын етіп, оны берік сақтау біздің басты мақсат-ниетіміз» деді Гульчин Гейдарова.

«Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Үсенбаев «Қазақстандағы этноконфессиялық келісім» тақырыбында баяндама жасады.

«Бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етуде. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктен ғана туындайды. Қазақтың ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы, өзге этнос өкілдеріне құрметі сияқты қасиеттері шет мемлекеттердің оң бағасын алды. Ел тыныштығына мән беру  әрбіріміздің міндетіміз деп білемін», – деді Бауыржан Үсенбаев

Танымдық конференцияға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Тағы да оқыңыз: