Kyzylorda-news.kz. 29 тамыз Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні. Бұл соңғы екі жыл ішіндегі екінші рет жарияланған қаралы күн. Аза тұту күні ойын-сауық шаралары мен осы сипаттағы бағдарламалар тоқтатылады. Бүкіл ел бойынша ғимараттарда мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Қазақстанда қандай даталар үшін Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған және олар не үшін күнтізбеде қаралы болып есептеледі?

Көптеген елде ұлттық аза тұту жарияланғанымен, оның қалай жүргізілетіні жайлы нақты критерийлер мен міндеттері заңмен бекітілмеген. Дәстүрлі түрде аза тұту мемлекет қайраткерлерінің өлімі, көптеген құрбандары бар табиғи апаттар мен террористік шабуылдар, қағылы жағдайлармен байланысты. Қазақстанда соңғы екі жылда үш рет Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған екен.

2020 жылдың 13 шілдесі  – Коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алу

Бұл уақыт коронавирус пандемиясының шарықтап тұрған шағы еді. Осы күні ел президенті қазақстандықтарды күйзеліске бой алдырмауға, шыдамдылық танытуға шақырды. 13 шілдеде ұлттық аза тұту күні, Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де бүкіл елде бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұл күні бүкіл ел бойынша мемлекеттік жалаулар түсіріліп, телерадио компаниялары хабар тарату торын өзгертіп, ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатуы керек деп шешілді.

Қазіргі уақытта елде COVID-19-дан 656 887 адам сауықты.

2019 жылдың 28 желтоқсаны –  Алматыдағы ұшақ апаты

2019 жылдың 28 желтоқсанында Алматы маңында ұшақ апатынан адамдар мерт болды. Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады”, – деген еді президент хатшысы Берік Уәли. 

Бұған дейін де Қазақстан халқы қайғылы оқиғаларда аза тұтқан. Олардың қатарында:

2016 жыл – Ақтөбедегі теракт

9 маусым  – Қазақстанда Ақтөбедегі теракті кезінде қаза тапқандарға аза тұту күні. 2016 жылы ел президентінің нұсқауымен бұл күн қаралы күн деп жарияланды.  2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбедегі террористік шабуылдан жеті адам қаза тапты. 

2012 жыл – Шымкентке маңындағы ұшақ апаты

2012 жылдың 25 желтоқсан күні АН-72 ҚР ҰҚК қарасты шекара қызметінің  әскери-тасмалдау ұшағы Астана-Шымкент бағыты бойынша келе жатып, межелі жерге 20 шаршы метр қалғанда апатқа ұшырады. Ұшақтағы 27 адамның барлығы опат болды. Олардың 7-еуі экипаж қызметкері, 20-сы әскери қызметшілер еді. Ұшақ апатына оны қауіпті биіктікте ұзақ ұстаған диспетчер кінәлі деп танылды.

2013 жыл – Scat әуе компаниясы ұшағының құлауы 

2013 жылдың 29 қаңтар күні  Көкшетау-Алматы бағыты бойынша сапарға шыққан ұшақ құлады. Ұшақ алматыға 5 километр қашыққа құлаған. Қайғылы жағдай кезінде 21 адам қаза болды: 5 экипаж қызметкері, 16 жолаушы. 2016 жылдың  сәуірінде Алматыда әуе компаниясының  жазғы қызмет директоры Вячеслав Артеменко сотталды.

2012 жыл – “Арқанкерген” оқиғасы

“Арқанкерген” шекара бекетінде 2012 жылдың 28 мамырында жанып кеткен шекара бекетінен 15 адамның мәйті табылды. Аман қалған 19 жастағы жауынгер Владислав Челах оқиғаға кінәлі деп танылған. Тергеу амалдары жүргізілген кезде ол өз кінәсін мойындаған. Кейіннен өзі айтқан сөздерден бас тартқан еді. Сот жігітті кінәлі деп ерекше қадағалаудағы абақтыға өмір бойына жапты.

2010 жыл – Қызылағаштағы су бөгетіндегі жарылыс

Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылында 2010 жылы наурыздың 11 мен 12-не қараған түні дамбы жарылып, ауылды қызыл су шайды. Қатты келген ағын судан 45 адам қайтыс болды. Олардың 11-і балалар еді. 370 үйді мүлкімен қоса топан су шайып кеткен.

2008 жыл – “Абай” шахтасындағы жарылыс

Қарағанды облысындағы “Арселор Миттал Теміртау” компаниясына қарасты “Абай” кен орнында  2008 жылдың 14 қаңтарында метан жарылған еді. Жарылыс салдарынан 30 адам мерт болып, тағы 14 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Өрт қайғылы жағдайдың екінші күні  ауыздықталды.

2006 жыл – “Ленин” шахтасындағы жарылыс

2006 жылғы 22 қыркүйекте  Қарағанды облысына қарасты “Миттал Стил Теміртау” АҚ қарасты  “Ленин” шахтасында метан жарылып, салдарынан 41 кенші мерт болып, 7 адам жараланған. Қайғылы жағдай кезінде жер астында 400 кенші жұмыс істеп жатқан. 

Аталған оқиғалардың барлығы дерлік ел басшылығының бастамасымен ұлттық аза тұту күні ретінде жарияланып, құрбандарын еске алу мақсатын тұтты.

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: