Егіс алқабында жүрген ұрылар қылмыс үстінде ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Егіс алқабында жүрген ұрылар қылмыс үстінде ұсталды

26.04.2021, 16:20

432 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 24 сәуір күні шаруа қожалығының  иесінен егістік алқабында белгісіз біреулердің жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы егістік алқабынан  трубасын қазып  ұрлауға оқталған үш ер адамды ұстады. Күдіктілер облыс орталығының тұрғындары екені белгілі болды. 

«Қазіргі уақытта оларға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-  бабының 3 – бөлігіне және 188 – баптың 2 – бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жәбірленуші полицейлерге кәсіби шеберліктері үшін, сондай-ақ атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

0

Пікір қалдыру