Kyzylorda-news.kz. Қазақ халқы ықылым заманнан бері ислам дінімен рухани ұштасып, бүгінде әлемге дінаралық-ұлтаралық келісімнін негізгі үлгісін салып берді. 130 астам ұлт өкілдері мен дінді уағыздайтын 18-конфессия, төрт мыңға жуық діни бірлестіктердің бір шаңырақ астында, тату-тәтті өмір сүруі үлкен жетістік.
Қазақстанның бұндай үлкен жетістікке жетуі, халқының бойынан ұлтаралық қарым-қатынас құндылығын, мәдениетін, жоғары қоюында болып отыр. Сонымен қатар, еліміздің зайырлылық принципін ұстануы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, конституцияда көрсетілгендей республика териториясында тұратын кез-келген азаматтың толық құқықты болуы, ықпал етті десек болады. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған. [Қазақстан Республикасының Конституциясы II бөлім. 14-бап].
Конфессияаралық диалогтың маңызы – ол бір ғана дінге қызмет етіп қоймай, жалпы адамзатқа ортақ өзекті мәселелерді шешуге ықпалдастық етуінде. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен астанада әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін алқаларының сьезі өтіп келеді. Ол жерде қаралатын мәселелер, көп ұлтты, көп тілді конфессиялардың діни сенім бостандығы, діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас, толеранттылық тағысын тағы тақырыптар аясында өтуде. Бұл айтулы шаралардың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік маңызымен ерекшеленеді.
Заманында Мұхаммед пайғамбар мұсылман еместердің ар-намысын сақтау үшін, олармен көркем түрде пікір алмасып,жақсы қарым-қатынас орнатып, діни сенімдері мен діни ұстанымдарына толеранттылық көзқарасын ұстанды.
Бүгінде толеранттылық қағидаты қазақ халқына дінімізден келген асыл мұра болуда. XX ғасырдың басында Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоңыс аударуы мен 1936-1944 жылдары неміс, корей, еврей, поляк, кавказ, қалмақ т.б. ұлттардың тұтастай депортациялануы, ұлы даламызда алуан түрлі ұлттар мен ұлыстардың тағдырлас болуы, бір шаңырақ астында тату- тәтті бір нанды бөліп жеуі, сөзімізге дәлел.
Кезінде әлем сарапшылары көп ұлтты мемлекеттердің тағдыры ұзаққа бармай,соңында бірін-бірі түптеп жейтінің айтып,болашағымызға күмән салсада, ел бола алатынымызды дәлелдедік.
Бүгінде мемлекетіміз қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, сенімділік пен татулықты жаңына желеу етудің арқасында, мемлекетіміз өркендеп, қарқынды даму үстінде.
Е. ТҰРСЫНБАЕВ,
Қызылорда облыстық ішкі саясат
басқармасының дін мәселелерін
зерттеу орталығының маманы
