Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үкімет тұрғындарға үйінен шықпауға тәртіп сақтауға, үйінен шықпауға міндеттеді. Барлық жиын тойларға тыйым салынды. Осыған қарамастан тәртіпті бұзған кейбір азаматтарға іс қозғалды.

Қазалыда төтенше жағдай режимін бұзған тойхана басшылығы 7 күнге қамалды. Сонымен қатар, сағат 22.00-ден кейін жұмыс жасағаны үшін 20 кафе-тойханаға хаттама толтырылды. Иә, еліміздің басына түскен қиындықты бірігіп қана жеңе аламыз. Ал бірігу билік қойған талаптарды бұзбай өз-өзімізді сақтандыру.

Карантин қалыптасқан жағдайларды түбейгейлі өзгертті. Той өткізбесе жұрттан қалғандай сезінетін қазақ, мереке жиындарын кейінге қалдырды. Оқушылар «онлайн» білім алуға көшті.

Онлайн демекші… Нұр-Сұлтан қаласында Азамат пен Әсел атты жас жұбайлар видео байланыс арқылы той өткізді. Алғашында үлкендер қарсы болған екен. «Алайда біз видео арқылы той өткізуді жөн көрдік», депті жастар. Олар смартфон арқылы құдандасып, екі жақ бір бірімен танысқан. Дүркіретіп 500 адамға той өткізбей осылай да той өткізуге болатынына көзіміз жеткендей.

Барлық телеарналар #үйдеқалыңыз деген хэштег арқылы елді сақтануға шақыруда.

Бүгін тағы бір онлайн той танымал әзілкештің отбасында өтті.

«Аралас» – Арал жайдарман тобының ойыншысы Ғалым Махамбетов 30 жасқа толғанын инстаграмда атап өтті. Әзілкешті жақын достары эфир арқылы құттықтады. Той 1990 жылдар өткізілген мерекеге ұқсас жасалды. Қабырғаға кілем іліп «Ғалым 30 жас» деп мақтамен жаздырып, синтезатормен ән айтып көңіл көтерді. Достары онлайн құттықтап лебіздерін білдірді.

Бізде өз тарапымыздан Ғалымды туған күнімен құттықтаймыз. Бала-шағасының қызығын көріп, ғұмыры мәнді, сәнді болсын.

Иә, мұның бәрі адамның топтасуын болдырмаудың амалы. Осы арқылы ғана коронавирустың алдын аламыз.

Думан КЕҢШІЛІК

Тағы да оқыңыз: