Kyzylorda-news.kz. ​ Бұған дейін дүкенге ұрлыққа түскен ұрыға іздеу жарияланған болатын. Ол 19 қаңтар күні кешкілік уақытта сауда үйінің жанында дүңгіршектің есігінің​ ілмелі құлпын бұзып кіріп, ішінен киім кешектерін, 14 дана ұялы телефон құлаққабын, ойыншықтарын ұрлап кеткен.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен дүңгіршекке ұрлыққа түскен қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге өз заттары ​ толықтай қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Тағы да оқыңыз: